Дәурен Абаев туризімді дамыту жоспарын таныстырды

13 Мамыр 2022, 17:40
1399
Бөлісу:
Дәурен Абаев туризімді дамыту жоспарын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәурен Абаев Ақтау қаласында Премьер-министрге Маңғыстау облысы бойынша туризмді дамытудың болашақ жоспарларын таныстырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады. 

Дәурен Абаев жазбасында қазіргі таңда бұл бағыт еліміздің ішкі, сыртқы туризмі үшін ең перспективалы бағыттарға жататынын және оны дамытудағы негізгі аспектілердің бірі – қоршаған ортаға, экологияға зиян келмейтіндей жаңа инфрақұрылым салу екенін айтты.

Сонымен қатар Үкімет деңгейінде қаралатын бірнеше бастама көтерілді. Атап айтқанда, Иранға, Кавказ маңы елдері мен Германияға жаңа әуе бағыттарын ашу, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай қалаларымен ішкі әуе қатынастарын орнату, туристер арасында танымал бағыттарға визит-орталықтар салу мен жол бойындағы қызмет сапасын жақсарту, қалалық орталықтандырылған заманауи такси қызметін ашу сынды мәселелер талқыланды, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы