Дәулетжан Хасанов: Мердігер мекемелер толықтай ұзақ мерзімді шартқа шығады

20 Сәуір 2023, 18:27
785
Бөлісу:
Дәулетжан Хасанов: Мердігер мекемелер толықтай ұзақ мерзімді шартқа шығады
PHOTO
Фото: автордан

Жаңаөзенде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін талдайтын арнайы жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұрын мердігерлерде мұндай мүмкіндік болған жоқ. Бизнестің бейімділігі болмағандықтан мердігер компанияларға қысқа мерзімді шартпен жұмыс істеу тиімді еді.Көпжылдық келісімдерде баға тұрақты болды. 

Дәулетжан Хасанов: Мердігер мекемелер толықтай ұзақ мерзімді шартқа шығады

Экономикалық өзгерістерде, бағаның тез құбылуына байланысты мұндай тәуекелге ешкім барғысы келмеген. Өткен жылы сатып алулар ережесіне өзгерістер енді. Егер экономикада күрт дағдарыс болса, тауардың құны өссе, ұзақ мерзімді шарттарға да өзгеріс енгізу тетіктері қосылды.

Соған байланысты мердігерлердің жұмыс орындарын сақтау үшін осындай қадамға барып жатырмыз. Былтыр мердігерлер жағдайын жақсарту үшін 200-ге жуық компанияның жалақы деңгейі зерттеліп, 30-дан 70% өсірдік. Мәселен, сыйақы төлеу, минималды әлеуметтік пакет болмаған еді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 180 мың теңге, әрбір мерекеде сыйақы төленеді»,- дейді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Өзгелердің жаңалығы