Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Қоғамда резонанс тудырған іс қалай аяқталды?

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 10:39
Бүгiн 2026, 10:39
248
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын өтеп, бостандыққа шықты.

Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Ресми мәліметке сәйкес, ол сот үкімімен тағайындалған жазасын толық өтегеннен кейін колониядан босатылған.

Жазасын толық өтеген

Еске салайық, Нұрасыл Болат бұған дейін қылмыстық іс бойынша сотталып, бас бостандығынан айырылған еді. Сот шешіміне сәйкес, ол жазасын белгіленген мерзім ішінде өтеп шыққан.

Құзырлы органның мәліметінше, оның бостандыққа шығуы заң аясында жүзеге асқан.

Іс қоғамда резонанс тудырған

Бұл іс қоғамда кеңінен талқыланып, қоғамдық резонанс тудырған болатын. Әсіресе, күдіктінің танымал тұлғаның ұлы екені қоғам назарын ерекше аудартты.

Соған қарамастан, құқық қорғау органдары істің заң аясында қаралғанын және сот үкімі орындалғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққан. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.

2024 жылдың тамыз айында Нұрасыл Болаттың пробациялық бақылау кезінде қаланы аралап жүрген видеосы пайда болған еді. Сол кезде де ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны туралы айтылған болатын.

Ал Нұрасыл Болат түрмеде 1 жыл 5 ай 10 күн отырады. 2024 жылдың 22 қазанында ол сот залында қамауға алынды. 

Ал ұлына қытысты видеоға пікір білдірген Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов "бізді көре алмайтындар бар" деп мәлімдеді.

Наверх