Дарын жастар сыйлығының иегерелері белгілі болды

Дарын жастар сыйлығының иегерелері белгілі болды
481

Бүгін Астанада «Жаңа белестегі жастар» форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.


Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, сыйлықты тапсыру олардың ел дамуына қосқан құнды үлесін мойындау екенін атап өтті.

Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 30 жыл толып отыр. Осыған орай әрі жастар жылы аясында Үкімет "Жастар саясаты" туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында көрсетілген басты мәселенің бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру болды. Біздің ұсынысымыз қабылданды. Оның игілігін барлық жас көреді деп ойлаймын. Жасы 29-дан асқан "Дарын" сыйлығына тапсыра алмағандар мен басқа да біздің көптеген жобаларға қатыспағандар енді 35 жасқа дейін қайтадан осы сыйлыққа тапсыра алады. Сондықтан арнайы қабылданып жатқан осы заң жобасы көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы аталым бойынша 30 жылдың ішінде 300-ден астам талантты жас марапатталды. Барлықтарыңызға құтты болсын!, — деді министр Дархан Қыдырәлі.

Жалпы, «Дарын» сыйлығы түрлі салаларда 10 номинация бойынша беріледі.

1992 жылдан бастап еліміздегі 300-ден астам дарынды жас аталған сыйлықтың иегері атанды.

 Осы жылдар ішінде жобаға бірқатар түзету енгізілді, бұл айтарлықтай оң өзгерістерге әкелді.  2022 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаттары болып 19 жас азамат атанды.

Барлық жеңімпазға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, әр номинация бойынша диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.

«Эстрада» номинациясы:

Құснадин Ақбота

Омаров Нұртас

 

«Классикалық музыка» номинациясы:

 Расылхан Шыңғыс

 Алтынбек Әйгерім

 

«Халық шығармашылығы» номинациясы:

 Сәденов Таңат

 Қамажан Аяулым

 

«Әдебиет» номинациясы:

 Талапов Шерхан

Төлтай Файзолла

 

«Театр және кино» номинациясы:

 Серікболова Назерке

Әбіл Мирас

 

«Спорт» номинациясы:

Асаубаева Бибісара

Әбдімәлік Жансая

 

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы:

 Төлеп Алмас

Жабағин Арнұр

 

«Журналистика» номинациясы:

Әбделиев Шерхан

 

«Қоғамдық қызмет» номинациясы:

Набиева Оксана

Жұмырбаев Тимур

 

«Ғылым» номинациясы:

Егізбек Камила

Машуров Фарух

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы