"Дарын" сыйлығы ұрпақтар сабақтастығын жалғайды – жеңімпаз

9 Желтоқсан 2019, 18:20
3269
Бөлісу:
"Дарын" сыйлығы ұрпақтар сабақтастығын жалғайды – жеңімпаз
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Дарын" мемлекеттік сыйлығы жастардың талантын бағалап, артынан ерген кіші буынға үлгі болады. Мұндай пікірді бүгін жүлдегерлер қатарында болған Сырым Мүсірепов айтты.

Бұл жүлде жастардың одан әрі өнерді насихаттауына, бұдан басқа әлемдік аренада жалғастыруға серпіліс беретін марапат деуге болады. Атауының өзі өзге марапаттардан бөлек, айрықша екенін көрсетіп тұр. Яғни, Қазақстанның дарынды жастарын көрсету, олардың өнер, мәдениет, ғылымға деген құштарлығын арттыру. Жүлденің берері көп. Ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Жаңалығымен көзге түскен жастардың насихаттайды, - деді "Дарын" сыйлығының иегері Сырым Мүсірепов. 

Жеңімпаздардың ішінде "Кино және театр" саласының үздіктері де бар. Солардың бірі – елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың жас актрисасы – Алтынгүл Серкебаева.

Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы өзіміздің қара шаңырағымыз – Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрында актриса болып жұмыс істеймін. Театрда 2014 жылдан бері еңбек етіп келемін. Жасым 29-да... Шынымды айтсам, мен үшін бұл марапат тосынсый болды. Күтпедім. Үлкен жауапкершілікпен қабылдап жатырмын. Әрі қарай тек еңбектену керек. Адал еңбекпен қана жетістікке жетіп, үлгі бола аламыз, - деді жас актриса Алтынгүл Серкебаева. 
Айта кетсек, бүгін жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Шара барысында жеңімпаздарды марапаттаған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Дарын" сыйлығы - тек марапат емес, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы