Дәрмен Сәдуақасов: FIDE елімізде блиц-шахматтан өткен әлем чемпионатына жоғары баға берді

19 Қаңтар 2023, 16:05
1468
Бөлісу:
Дәрмен Сәдуақасов: FIDE елімізде блиц-шахматтан өткен әлем чемпионатына жоғары баға берді

Бұл туралы «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

2023 жылдың cоңында Алматыда шахматтан рапид және блицтен әлем чемпионаты өткені белгілі. 

Шын мәнінде, бұл – Қазақстан үшін бірегей іс-шара. Ол алдыңғыларына қарағанда ауқымды еді. Елімізде бұған дейін әлем чемпионаты секілді үлкен сайыстар өткенімен, мұндай ауқымды турнир болмаған. Дайындыққа әдеттегіден аз уақыт бөлінді. Барлығына 40 күндей ғана уақытымыз болғандықтан, әр күнді тиімді өткізіп, жұмысызды жоспарладық. Бүкіл ұйымдастыру командасы Қазақстан шахмат федерациясы және Халықаралық шахмат федерациясымен бірге керемет жұмыс істеді, - деп атап өтті Дәрмен Сәдуақасов. 

Айтуынша, чемпионаттың қорытындысы бойынша еліміз FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) мен көрермендер және қатысушылар тарапынан жоғары баға алған. 

Бұл бізге Қазақстанды болашақта ірі халықаралық сайыстар өткізетін алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндігін сеніммен айтуға жол ашады, - деді федерацияның вице-президенті.

Өзгелердің жаңалығы