Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде қызмет атқарғандарға бір реттік сыйақы төленеді.
Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Мен Үкіметке және әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күреске тартылған басқа мамандарға бір қызметтік жалақы көлемінде сыйақы төленуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді президент.