Дәрігерлерге «ҚР Еңбек сіңірген дәрігері» атағын беру туралы заң жобасы қарастырылып жатыр

25 Маусым 2021, 18:21
3282
Бөлісу:
Дәрігерлерге «ҚР Еңбек сіңірген дәрігері» атағын беру туралы заң жобасы қарастырылып жатыр

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары Серікболсын Темірханов хабарлады. 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде.

Ақ халаттылардың құқығын қорғау басты назарға алынуда. Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттеріне қатысты жауапкершілік жүктелген. Бүгінгі таңда осы бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. 

Медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру туралы ереже енгізіледі. Бұл дегеніміз – әлеуметтік кепілдік. Сонымен қоса, Қылмыстық кодекстің 317-бабында қарастырылған санкцияға жеңілдету енгізу жолымен ізгілендіру, сондай-ақ, медқызметкердің кәсіби жауапкершілігіне сақтандыру енгізу ұсынылды. Олардың қызметіне лауазымды және өзгелердің заңсыз араласуынан қорғау, мамандыққа құрметпен қарау, «ҚР Еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізу де заң жобасында қамтылған, - деді Серікболсын Темірханов. 

Осылайша, медицина саласының мамандары заңмен ерекше қорғалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы