Дәрігерлер таудан табылған қыздың жағдайы туралы айтты

8 Шілде 2021, 22:30
2742
Бөлісу:
Дәрігерлер таудан табылған қыздың жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер таудан табылған туристің жағдайы туралы айтты.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы Әлия Камиева №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізді. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр, ес-түссіз болатын, - деп хабарлады басқармадан. 

Одан әрі емдеу шараларын жүргізу үшін ол реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. 

Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең Үлкен Алматы көліне барған. Бұл туралы қыздың анасы айтқан. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда тауға кетіп, жоғалып кеткен Әлия Камиеваның табылғандығы туралы жазған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы