Дәрігерлер стресті жеңуге көмектесетін жеті тағамды атады

23 Қараша 2023, 21:48
7597
Бөлісу:
Дәрігерлер стресті жеңуге көмектесетін жеті тағамды атады

Мамандар қандай өнімдер күйзелістен арылуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz Роспотребнадзор сарапшыларына сілтеме жасай отырып, стрестен арылуға септесетін жеті тағам түрін атады. 

Бидай кебегі. Стресс пен мазасыздықты сейілтуге ықпал ететін дәнді дақылдың бірі саналады.

Інжір. Бұл өнім - талшыққа бай. Оның құрамында магний көп. Ол өз кезегінде жүйке жүйесін тыныштандырады және мазасыздықтан арылтады.

Майлы теңіз балығы. Омега-3 май қышқылдары мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі. В және D дәрумендерімен қатар, магний және мырыш – күйзеліске түскенде жақсы көмектеседі.

Брокколи. Оның құрамында депрессияны басуға көмектесетін талшықтар, магний, С дәрумені және фолий қышқылы бар. Сульфорафанға бай – тыныштандыратын әсері бар.

Шоколад. Стреспен күресуде жақсы нәтиже береді. Өнім "бақыт гормондарының" өндірілуін белсенді етеді.

Айран. Ішектің жұмысына оң әсер ететін пайдалы бактериялардың қайнар көзі. Бұл мазасыздықты басады. Сондай-ақ айранның құрамында серотонин түзетін триптофан бар.

Куркума. Оның құрамында куркумин бар. Ол қабынуды азайтады және оның антидепрессанттар әсері бар.

Сарапшылар кофеинді шамадан тыс пайдаланбауға кеңес береді. Оны шамадан тыс тұтыну салдарынан мазасыздық туындайды. Сондай-ақ алкоголь, жасанды бояғыштар, консерванттар және тәттілендіргіштер сынды заттар стреске төзімділік деңгейіне нашарлататынын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы