Дәрігерлер КВИ-мен ауруханада жатқан ардагерді мерекемен құттықтады

9 Мамыр 2021, 15:15
1842
Бөлісу:
Дәрігерлер КВИ-мен ауруханада жатқан ардагерді мерекемен құттықтады
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық инфекциялық орталығының медициналық қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған соғыс ардагері Иван Михайловичті құттықтады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соғысқа қатысқан Иван Михайлович инфекциялық орталыққа 27 сәуір күні коронавирустық инфекцияның ауыр жағдайында түсті. 5 мамырда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне көшірілді.

Дәл бүгін отбасының жанында болмаса да, медициналық қызметкерлер оны назарсыз және құттықтаусыз қалдыра алмады. Олар ардагерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтап, алғысын білдірді. Науқас аурухана қызметкерлерінің осындай ықыласына дән риза болды, - делінген хабарламада.
Дәрігерлер КВИ-мен ауруханада жатқан ардагерді мерекемен құттықтады

Иван Михайлович 1925 жылы 20 қыркүйекте Кемерово облысында дүниеге келген.

1943 жылы 13 қаңтарда ол Совет Армиясы қатарына шақырылды. Соғыс бойы ол 1-ші Беларуссия майданындағы шайқастарға қатысты.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылдан 1971 жылға дейін ол армия қатарында қатардағы жауынгерден бастап ракеталық күштер штабының бастығына дейін қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шыққан.

Марапаттары: II дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалі. Тағы басқа 18 мерейтойлық медальдар.

Қазіргі уақытта науқас инвазивті емес желдету аппаратына жатыр. Иван Михайлович стационарда толық емделіп, сауыққанша ем қабылдайды.



Өзгелердің жаңалығы