Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дәрігерлер ата-аналарға кеңес берді

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Астанада қызылшаның таралуын тоқтатудың нақты мүмкіндігі бар, дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол үшін қарапайым, бірақ жауапты шешім – балаларды вакцинациялау, - дейді дәрігер.

Дәрігер ата-аналарға бірнеше маңызды кеңес берді:

  • Балаларыңыздың егу мәртебесін тексеріңіз;
  • Егер екпе алынбаған болса немесе деректер жоқ болса, вакцинацияны уақтылы жасаңыз;
  • Науқаспен байланыста болғаннан кейін шұғыл вакцинациядан бас тартпаңыз;
  • Ауру белгілері байқалса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, вакцина жасау – бұл тек бір баланы емес, бүкіл қоғамды қорғау деген сөз. Сондықтан ауыр және қайтымсыз салдарға тап болмас үшін, ата-аналар балалардың денсаулығына бүгіннен қамқорлық жасауы керек.

Бұған дейін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Астанада қызылша өршіп тұрғанын айтып, балалар үшін қауіп бар екенін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы