Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды

19 Маусым 2023, 16:28
841
Бөлісу:
Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.

Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды

Өрт сөндірушілер алдын ала 15 га алаңда өртті жою бойынша жұмыс істейді. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы