Дәрігер ұшақта есін жоғалтқан жолаушының өмірін сақтап қалды

Кеше, 16:32
671
Бөлісу:
Дәрігер ұшақта есін жоғалтқан жолаушының өмірін сақтап қалды
Фото: gov.kz

Жоғары білікті реаниматолог дәрігер Шымкенттен Астана қаласына бағыт алған ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Шымкенттен Астана қаласына бағыт алған Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде төтенше жағдай болып, 20 жастағы студент есінен танып қалған. Дабылға бортсеріктер бірден жауап беріп, олар борттағы дәрігерлерді көмекке шақырған.

Көмекке жоғары білікті маман реаниматолог, "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков келген.

Пациентті қарап-тексеру кезінде ол әлсіз импульсті және қан қысымының нөлдік деңгейге түскенін анықтаған, бұл ауыр жағдайды көрсеткен. Дәрігерлердің жедел үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарған.

Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлерден әрі қарай тексеру және осындай жағдайларға әкелуі мүмкін ауруларды болдырмау үшін мамандардан консультация алу ұсынылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы