Дәрігер тырнаққа жағатын гель-лактың зияны туралы айтты

9 Қаңтар 2024, 17:32
8768
Бөлісу:
Дәрігер тырнаққа жағатын гель-лактың зияны туралы айтты
Фото: автордан

Превентивті дәрігер, эндокринолог Наталья Зубарева гель-лактың адам денсаулығына келтіретін зиянды тұстары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігер ең әуелі әйелдер қауымы жиі жасататын гель-лак неден тұратынын түсіндірді.

Жалпы гель-лак - олигомер, фотоинициатор, түрлі пигменттер мен бояғыштар, пластификатор, метилакрилат, акрилат полимері, ВНА бутилгидроксианизолы, 2-гидроксиэтилметакрилат, изопропил алкоголь (Isopropyl Alcohol), бутилацетат, диметикон мен слюдадан тұрады. Кішкентай ғана лактың ішінде осыншама химиялық зат болады. Мұншама химиядан кейін оның зияны жоқ деп айта алмайсың. Әрине, ол сіздің денсаулығыңызға бірден әсер ете қоймайды. Дегенмен гель-лакпен қаншалықты жиі жүрсеңіз, соншалықты одан келетін қауіп-қатер де арта түседі, - деді ол.

Зубареваның сөзінше, гель-лакпен ұзақ жүрген адамда аллергия, экзема, тырнақтың жұқаруы, химиялық және термиялық күйік тәрізді ауру белгілер пайда болуы мүмкін. Бұдан бөлек, тырнақты егеген кезде оның шаңы бірден өкпеге баратыны айтпаса да түсінікті. 

Маман гель-лактардың сапасы әртүрлі болатынын айтты.

Егер сіз құрамында формальдегид, толуол және дибутилфтал деп аталатын «токсиндік трио» қосылған сапасыз лакты пайдалансаңыз, репродуктивті жүйеңіз бұзылады, бүйрек жеткіліксіздігі туындайды, сонымен қоса бауыр, өт жолы зардап шегеді, - деді эндокринолог.

Наталья Зубарева маникюр денсаулыққа қауіпсіз болуы үшін не істеу керегін түсіндірді.

Маникюр қауіпсіз болуы үшін тырнақты жиі демалту керек. Яғни, бір ай гель-лак жағып, келесі ай лаксыз жүруге тырысу керек. Сондай-ақ тырнаққа қалпына келтіретін майлар мен лосьондарды жағып отыру керек. Арасында гель-лакты адам денсаулығына қауіпсіз DIP-маникюрмен алмастырып отырған дұрыс, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы