Дәрігер КВИ-ге қарсы екпе салдырмауға болатын жалғыз себепті атады

22 Қазан 2021, 12:11
5771
Бөлісу:
Дәрігер КВИ-ге қарсы екпе салдырмауға болатын жалғыз себепті атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаға немесе оның құрамындағы заттарға аллергиялық реакцияның болуы - COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға өмір бойы ең басты қарсы көрсетілім саналады.

Басқа жағдайларда қарсы көрсетілімдер уақытша деп есептеледі, - деп мәлімдеді медицина ғылымдарының докторы, Г. Н. Габричевск атындағы МНИИЭМ клиникалық жұмыс бойынша директор орынбасары Татьяна Руженцова.

Оның сөзінше, бұл жерде анафилаксиялық шок, Квинке ісігі, құрысқақ, дене қызуының 40 градустан асуы және диаметрі сегіз сантиметрден асатын инфильраттың пайда болуы тәрізді жағдайлар туралы айтылған. Қалған қарсы көрсетілімдер уақытша дейді маман.

Өзгелердің жаңалығы