Дәрігер қателігі салдарынан 39 жыл комада болған футболшы қайтыс болды

6 Қыркүйек 2021, 19:04
14098
Бөлісу:
Дәрігер қателігі салдарынан 39 жыл комада болған футболшы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлердің салғырттығынан 40 жылға жуық комада болған Франция құрамасының экс-футболшысы қайтыс болды.

Бұл туралы Life shot хабарлады.

Жан-Пьер Адамс франциялық құраманың сапында 20 матчтан көп ойын өткізген. Бұдан бөлек ол Ниме, ПСЖ и Ницце үшін өнер көрсетті. Қорғаушының айлакерлігі соншалық қақпаға жақындағанда форвардтар оның жолын кесе алмай қалады екен.

Спортшы 34 жасында комаға түсіп қалды. 1982 жылы ол Лион ауруханасына жоспарлы операцияға жатқызылады. Дегенмен дәл спортшы жатқызылған кезде франциялық медицина қызметкерлері митингке шығады. Сол күні көптеген дәрігер жұмысқа шықпай қалған. Ал шыққандары бірнеше адам үшін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Мәселен анестезиолог маман сегіз операцияны бірдей алған. Жан-Пьер Адамс оның пациенттерінің бірі болған.

Асыққан дәрігер ауырсынуға қарсы дәрінің мөлшерін шатастырып алған, ал оның көмекшісі тәжірибесі аз болғандықтан, футболшының жағдайы нашарлап бара жатқанын байқамай қалған. Операциядан кейін Адамс оянбады.

Жеті жылға жалғасқан сот отырыстары медицина қызметкерлерін кінәлі деп таныды. Адамстың жұбайы комада жатқан футболшымен 39 жыл бойы бірге болды. Ол спортшыны клиникадан үйіне алып кетіп, оның жақында есін жиятынына сенімі мол болды. Алайда ғажайып болмады. Адамс бүгін 73 жасқа қараған шағында көз жұмды.


Өзгелердің жаңалығы