Дәрігер химикат шашу жайлы: Үкімет өз халқын уламайды және басқаларға да улатпайды

9 Тамыз 2021, 15:02
4532
Бөлісу:
Дәрігер химикат шашу жайлы: Үкімет өз халқын уламайды және басқаларға да улатпайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қазақстандық дәрігер, ғалым, ғылым кандидаты Дәуренбек Нысанов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, «химтрейл, 5G, чип, вакцина арқылы әлемде 1 млрд адам қалдырады, қалғанын қырып тастайды» деген әңгімелердің бәрі жалған ақпараттар. Үкімет өз халқын уламайды және басқаларға улатпайды.
Химикат шашты, химикатпен улап жатыр деген бос сөз! Өйткені уланған адам мен ковидпен ауырған адамның клиникалық картинасы да, емі де басқа! Үкімет өз халқын уламайды және басқаларға улатпайды. Ал басқа ел бізді келіп, химтрейлмен уласа, бізге соғыс ашқанмен бірдей. Оған алаң болмаңыздар! Ал «химтрейл, 5G, чип, вакцина арқылы әлемде 1 млрд адам қалдырады, қалғанын қырып тастайды» деген әңгімелердің бәрі жалған ақпараттар. Бұл «ақпараттық соғыстың» бір түрі ғана. Мұндайға сенбеңіздер, тек ресми ақпараттарға сеніңіздер!, - деді ол.
Дәрігер «коронавирус жоқ деп адаспаңыздар!» дейді.
Коронавирустың әр түрлі штамдарының саны өте көп. Уақыт өткен сайын мутацияға ұшырап өзгеріп отырады. Қазір еліміздегі ең қауіптісі «дельта» және «лямбда» штамдары. Олардан сақтану үшін санэпид қызметтің талаптарын бұлжытпай орындау ғана. Ал вакцина салдыру салдырмау әркімнің өз еркі. Егер вакцина салдыруға денсаулығыңыз көтеретін болса, салдырған дұрыс. Қазіргі вакциналар коронавирустың кейінгі мутацияланған жаңа штамдарынан 100% қорғамаса да, көп жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцина салдырмаған жағдайда көпшілік орынға бармай, маска тағып, жылы киініп, тоңазытқыштағы суық сусындарды ішпей, суыққа ұрынбай, санэпид талапты орындап, ковидтен сақтанып, иммунитетіңіздің белсенділігін төмендетпей жүрсеңіз індеттен аман боласыздар, - деп атап өтті маман.

Өзгелердің жаңалығы