Дәрігер ерте қартаюдың бес себебін атады

12 Маусым 2021, 17:38
6146
Бөлісу:
Дәрігер ерте қартаюдың бес себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер, невропатолог Айгүл Өмірбекқызы ерте қартаюдың 5 себебін атады.

Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, 25 жастан асқан соң, қартаю үрдісінің 0,0001% пайыз болса да, алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Ал оның ең бастыс себебі күйзеліс екен.

Күйзеліссіз ғұмыр жоқ. Бірақ бұл өмірде жақсы да, жаман да қатар жүретінін білейік. Әрбір қаралы күннен кейін, нұрын шашып тәтті күннің ататынын ұмытпаған жөн. Біреу ренжіттіме!? Іштей кешіріңіз. Жұмыстан қажыдыңызба!? Жақсы әуен тыңдаңыз. Немесе жақын адамдарынызды құшақтаңыз. Денсаулығыңыз сыр бердіме!? Ауруға берілмеңіз, ішіп жатқан дәріңіздің 50% жақсы әсер етуі өз сеніміңізде, 50% дәрі күшінде соны ұмытпаңыз, - деді ол. 

Сонымен қатар ол теріге қажет коллаген жетіспесе де, бет терісі ерте қартаятынын айтты.

Коллаген жеткіліксіздігі салдарынан тері серпінділігін жоғалтады, бет контуры әлсіреп, салбырап кетеді. Тағы бір себеп - тиісті ылғанданудың жоқтығы. Бет күтімінде терінің дұрыс мөлшерде ылғалдануы - жас қалпында ұзақ қалудың шешуші факторы, - деп атап өтті дәрігер.

Айгүл Өмірбекқызы ультракүлгін сәулелердің кері әсері салдарынан терідегі липидті қабат зақымдалатынын, терідегі қорғаныс барьерінің күші жойылатынын ескертті. Сондай-ақ дәрігер ағзадағы токсиндер де бет түсінің өзгеруіне, мммунитет төмендеуіне ықпал ететінін айтты.

Өкінішке қарай, биологиялық қартаюды ешкім тоқтата алмайды, бірақ оны бәсеңдету өз қолымызда, - деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы