Дәрігер: Биыл елімізде эпиджағдай күрделі болуы мүмкін

21 Қыркүйек 2023, 15:04
22959
Бөлісу:
Дәрігер: Биыл елімізде эпиджағдай күрделі болуы мүмкін
Фото: автордан

Бұл туралы ҚР Президенті іс басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бөлім басшысы Мейірім Сұлтанова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, қазан айында елде эпидемиологиялық маусым басталады.

Жыл сайын эпидемиологиялық маусым басталар алдында ДДСҰ әдеттегідей алдағы маусымға қатысты өз болжамдары мен нұсқаулықтарын ұсынады. Биылғы маусымда тұмаудың А H3N2 және В вирустарының айналымы басым болады деп болжануда, - деп атап өтті эпидемиолог елордада өтіп жатқан Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференциясының кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол биыл қанша адамның вирус жұқтыруы мүмкіндігіне тоқталды.

Былтыр ел аумағында 4 млн-нан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған болатын. Сондай-ақ үш мыңдай науқас тұмау жұқтырған еді. Алайда осы жылы эпидемиологиялық жағдай одан да күрделі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осылай деп мәлімдеме жасады. Эпидемиологтардың басын қосқан бүгінгі халықаралық конференцияда инфекцияның алдын алудың ғана емес, өзге мемлекеттерде вируспен қалай күресетіндігі талқыға салынуда. Эпидмаусым қазан айында басталып, мамырға дейін созылады, - деді Мейірім Сұлтанова.

Өзгелердің жаңалығы