Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл екі дертпен бір мезетте күресуге барлық адамның иммуниеті шыдас бермейді. Бұл туралы Daily Express британдық газетіне берген сұқбатында Портленд медициналық орталығының бас дәрігері Рави Томар айтты, деп жазды lenta.ru.
Дәрігердің айтуынша, екі вирусты бірдей жұқтыру өте қауіпті және мұндай жағдай орын алуы әбден мүмкін.
Өйткені қыс пен күз айлары жедел респираторлық вирустық аурулардың қозатын кезі. Қауіпті топқа жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар мен балалар жатады. Ал диабет, астма, бронхит сынды созылмалы аурулары бар адамдарға ерекеше сақ болу қажет. Сарапшының айтуынша, екі бірдей вирус жұқтыру жағдайында ем де, сауығу процесі де екі есе мерзімге ұзарады. Сондай-ақ, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.
Бұған дейін ресейлік вирусолог Виталий Зверев коронавирустан қайтыс болғандар арасында гриптің асқынуы салдарынан көз жұмғандар да болуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Коронавирус жұқтырғандар гриппен де ауыруы мүмкін, алайда дәрігерлер ең алдымен акцентті жаңа вирусты емдеуге жұмсайды да грипп ескерілмей қалады.
Алайда грипп жай кезде балалар мен қарттар үшін қауіпті болатын, ал корнавируспен қабаттасқанда соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы ғажап емес, - дегенді алға тартты вирусолог.