Дәрігер науқастар қандай иіс шығаратынын айтты

22 Мамыр 2021, 18:25
4295
Бөлісу:
Дәрігер науқастар қандай иіс шығаратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер-невропатолог, медицина тілімен емес, халықтың тілімен түсіндіретін дәрігерлердің бірі Айгүл Өмірбекқызы белгілі бір ауруды иіс арқылы анықтауға болатынын айтты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Айтуынша, әр науқас әр түрлі иіс бөледі.

Белгілі бір ауру түрін емдейтін дәрігерлер бір мезетте, науқастық сырқатын анықтай алады, - дейді дәрігер.

Мәселен қант диабетімен ауыратындар - «жеміс» иісі немесе «шіріген алма» иісімен белгілі екен. Ал шизофренияға шалдыққандарды - «тым тәтті» иістен білуге болатын көрінеді.

Сонымен қатар Паркинсон ауруына ұшырағандардан - «Мускус» иісі бөлінеді. 

Хламидия және микоплазмадан - «шіріген балық» иісі шықса, стрептококкы бар адамдар - «карамель» иісімен белгілі. Жатыр мойнының қатерлі ісігі салдарынан - «бұзылған еттің иісі» шығады. Несеп жолдарының ауруларына (пиелонефрит, бүйрек жеткіліксіздігі) шалдыққан науқастардан - «мысық» иісі бөлінеді, - дейді Айгүл Өмірбекқызы.

Невропатологтың сөзінше, туберкулез ауруы - «уксус» иісімен белгілі және бұл иіс сүт безі обыры бар науқастарға да тән.

Сау аяқ сасымайды, грибок инфекциясы бар науқаста, «қышқыл» иіс бөледі. Егер үлкен дәреттен «қышқыл» иіс бөлінсе, лактоза көтереалмаушылығы бар деген сөз. Фенилкетонурия мен ауыратын науқастар «тышқан» иісін бөледі. Д витамин жеткіліксіздігіне шалдыққан сәбилер де - «нашатыр спиртімен» белгілі, - деп түсіндірді ол.

Дәрігер эстроген гормоны «балғын сүт» иісімен белгілі, ер адамдарды сол иіспен өзіне тартатынын айтты.

Қанның иісі - егер темір жеткілікті болса, «тәтті темір» иісімен белгілі. Қартаюдың иісі, барлық гормон жеткіліксіздігі және нафталин тәрізді түстенуді көрсетеді. Денедегі иістің өзгеруі, метоболикалық процестермен, гормональді фондардың тербелісіне, дәрі қабылдауға және ағзалары инфекцияға қарай өзгереді!, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы