Дәрі сатып аларда абай болыңыз: Министрлік маңызды ескерту жасады

Мамандар дәрінің тіркелуін, жарамдылық мерзімін және қаптамасының бүтіндігін тексеруге кеңес береді.

 pixabay.com 23 Қыркүйек 2026, 15:49
23 Қыркүйек 2026, 15:49
146
Фото: pixabay.com

Дәрі сатып алар алдында Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше негізгі жайтқа назар аударуды ұсынды. Препарат Қазақстанда тіркелген болуы керек. 

Сонымен қатар қаптамасының бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарының талаптарға сәйкестігіне көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ қаптамадан препараттың атауын, дозасын, дәрілік түрін және таңбалануын тексерген жөн. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы тиіс.

Дәрінің тіркелгенін Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімі арқылы тексеруге болады.

Препараттың түпнұсқалығын және таңбалау жүйесіндегі мәртебесін DariKz және Naqty Onim қосымшалары арқылы қосымша тексеруге мүмкіндік бар.

Дәрі-дәрмекті тек дәріханалардан және оны сатуға құқығы бар басқа да орындардан сатып алу ұсынылады. Әлеуметтік желілер, хабарландырулар және белгісіз интернет-сайттар арқылы дәрі сатып алғанда ерекше сақтық таныту қажет, - деп ескертті ведомство.

Наверх