Дәрі бағасы жаппай қымбаттаған жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі

Қазір 4 994 сауда атауына шекті баға белгіленген.

 pexels.com Бүгiн 2026, 13:30
Бүгiн 2026, 13:30
174
Фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде тараған дәрі-дәрмектің күрт қымбаттауы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы елде препараттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі қолданыста. Ол баға қалыптастырудың ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір 4 994 сауда атауына шекті баға белгіленген. Сонымен қатар 1 707 рецептсіз сатылатын дәрі мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық қағидатпен сатылады, бірақ тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Еліміздің 20 өңіріндегі талдау қорытындысы бойынша:

  • Қыркүйекте маусыммен салыстырғанда дәрілердің 34%-ы орта есеппен 7,8%-ға арзандаған;
  • Қазанда позициялардың 50%-ы орта есеппен 11,1%-ға төмендеген.

Ең көп арзандаған препараттар:

  • Гепар комп. Хеель – 41,2%
  • Ревмоксикам® – 32,5%
  • Цефяпс – 31,6%
  • ВАЛМАК-Н – 24,7%
  • Зитмак® – 20%

Комитет шекті бағадан жоғары сату фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Бұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы немесе өңірлік департаменттер арқылы хабарлауға болады.

Азаматтарға тек ресми дереккөздерге сүйеніп, әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеу ұсынылды.

Наверх