«Өзекті» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі еліміздегі зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист министрге «Қоғамдағы күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі - зорлық-зомбылық. Әсіресе, әйелдер мен балаларға қатысы қорлықтың көбейгені рас. Таяуда осы тақырыпты талқылау мақсатында сіздер Түркістанда үлкен жиын өткіздіңіздер. Сол жиынның қортындысы туралы айтсаңыз» деп сұрақ қойды.
«Зорлық – зомбылықты азайту мақсатында ережесі жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткеншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай Whatsapp арқылы таратып жатамыз. Мысалға, қыздардың төбелесіп жатқан немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз төбелесіп жатқан видеолар кейде шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік, ол керісінше, сол қатыгездік туғызатыны белгілі», - деді Дархан Қыдырәлі.
Бұған дейін министр "балалар тақырыбы туралы жазғанда мұқият болғанымыз абзал" деген еді.