Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киевте Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиковпен кездесті.
Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық саладағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері, іскерлік байланыстарды қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндіктері талқыланды.
Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Қазақстан халқына қоғамдық ұйымдар мен белсенділер тарапынан көрсетілген қолдау мен гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.