Данияр Елеусінов IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды

19 Желтоқсан 2021, 09:46
1302
Бөлісу:
Данияр Елеусінов  IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леальді (15-2, 4 КО) жеңіп, өз есімін отандық бокс тарихына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елеусінов кәсіпқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық 5-інші боксшы болып отыр. Д. Елеусінов Х.Леальмен өткен жекпе-жекте жартылай орта салмақта IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды. 

Бұған дейін Қазақстан боксшылары арасынан әлем чемпионы атанғандар: Василий Жиров (38-3-1, 22 КО), Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) және Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО). Олардың арасында бүгінде кәсіпқой бокста мансабын жалғастырып жатқаны – 39 жастағы Геннадий Головкин. Ол орта салмақтағы IBF және IBO белдіктеріне ие. Оның алдында Головкинге WBA Super және WBC белдіктері тиесілі болған еді. 

Еске салайық, кеше елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда 14 қазақстандық боксшы өнерт көрсетті. Кештің басты айқасы Данияр Елеусінов пен Хуан Эрнан Леаль арасында өтті. 12 раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы