Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биіктігі 21 метрден асатын нысанға 4860 тонна құм жұмсалған, деп хабарлады 24.kz.
Айрықша құрылысты салуға дүниежүзінің ең білікті деген 30 мүсіншісі қатысқан. Бұл қамал жақын арада Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Себебі ол алдыңғы жылы Германияда салынған әлемдегі ең зәулім құмды мұнарадан 3 жарым метрге биік.
Қамалдың басында тәж бар. Ол біздің өмірімізді дұрыс басқаратын күштің белгісі. Ол қазір бізді бетперде киюге, көп қыдырмауға және үйде болуға шақырып тұр, – дейді мүсінші Уилфред Стиджер.