Данияда екі пойыз соқтығысып, 5 адам ауыр жарақат алды

Тергеушілер апаттың нақты себебін анықтауда.

 Reuters Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
106
Фото: Reuters

Данияда екі пойыз соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды. Оқиға Копенгагеннің солтүстік-батысындағы Солтүстік Зеландия аймағында, Хиллеред пен Кагеруп қалаларын байланыстыратын теміржол учаскесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

 Пойыздар бейсенбі күні таңертең жергілікті уақытпен 06:29 шамасында соқтығысқан. Бортта барлығы 37 жолаушы болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан 5 адам ауыр жарақат алып, тағы 13 жолаушы орташа жарақат алған. Барлық зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

Оқиға орнына өрт сөндіру және құтқару қызметтері дереу жетіп, эвакуациялық жұмыстар жүргізілді. Полиция мен авиациялық апаттарды тергеу бюросы бірлесіп тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеушілер апаттың нақты себебін анықтауда. Алдын ала нұсқалар қатарында сигнал беру жүйесіндегі ақау немесе адам факторы қарастырылып отыр.

Наверх