Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дания "Солтүстік ағым-2" құрылысына рұқсат берді, деп хабарлайды 24.kz.
Оқи отырыңыз:
Біз мұндай шешімді қолдаймыз. Дания өз мүддесін, Еуропадағы негізгі серіктестерінің мүддесін қорғайтын ел ретінде, өзін халықаралық қатынастың жауапты мүшесі ретінде танытты. Себебі Еуропа елдері өз нарықтарына ресейлік көмірсутек тасымалының әртараптандырылуына асқан қызығушылық танытып отыр, - деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.Айта кетейік, "Солтүстік ағым-2" Ресей мен Германияны тағы 2 газ құбырымен жалғамақ. Десе де, жоба құрылысына бірнеше ел қарсы. Украина газ тасымалынан түсетін кірістен айырылып қаламын ба деп алаңдаулы. Сондай-ақ, АҚШ, Латвия, Литва және Польша құбыр құрылысын мақұлдамайтындығын бірауыздан жеткізді.