Данэлия Төлешова америкалық The real ток-шоуына қатысты

Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

"The World’s Best байқауына қатысқан кезде, сахнаға шықпас бұрын аяқтарым дірілдеп қобалжулы болдым. Алайда әнімді айта бастаған кезде, өз-өзіме келдім", - деді Данэлия Төлешова.

Әншінің айтуынша, Фейс Хилл, Дрю Берримор, Ру Пол, Джеймс Кордон сынды тұлғаларды көру, оның бала кезден арманы болған.

"Мен 10 жасымнан бастап ән айта бастадым. "Голос. Дети" (Украина) шоуына қатысқанмын. Бұған дейін гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін қайта билей алмадым. Осыдан кейін өлең айтуға әуестеніп кеттім", - дейді әнші тележүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Данэлия өз жоспаралары туралы айтқанда жеке өзінің киім-кешек желісін ашатыны жайлы баяндады.

"Мен өзімнің сәнді киім-кешек желімді ашатыныма қатты қуанып жүрмін. Сонымен қатар, өзімнің жеке альбомымды жазу жоспарымда бар. Мен тыңдармандарымды бақытты еткім келеді. Сахнада өзімді еркін сезінемін", - деп қорытындылады жас әнші.

Естеріңізге сала кетсек, The World’s Best америкалық шоуында отандасымыз Димаш Құдайберген де қатысып жатыр. Ол барша жұртты өзінің өнерімен таң қалдырды. Төрешілер оған ең жоғары деп саналатын 100 балдың 98-ін берген.

Данэлияның өнер көрсеткен сәтін Лос-Анджелес уақыты бойынша 13 ақпан күні сағат 20.00-де көрсетеді. Ал қазақстандықтар жас әншінің өнерін Астана және Алматы уақыты бойынша 14 ақпан күні 10.00-де CBS телеарнасынан көре алады.

13 Ақпан 2019 2019, 15:34
13 Ақпан 2019 2019, 15:34
2641

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның жас әншісі The real daytime атты америкалық ток-шоуға қатысқан, оның үзіндісі әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Наверх