Коронавирустың таралуы дамушы елдердің валюталарына қалай әсер етті?

2 Наурыз 2020, 22:27
2631
Бөлісу:
Коронавирустың таралуы дамушы елдердің валюталарына қалай әсер етті?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк 2020 жылғы 21-28 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша жасалған шолуды ұсынды.

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 28 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,4%-ға (375,87-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 381,10 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 21-28 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиға орын алды. Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш сезімі инвесторлардың дамушы елдердің активтерінен шығуына себеп болды, - делінген банк хабарламасында.

Италия, Оңтүстік Корея және Иран коронавируспен ауыру жағдайларының күрт өскенін хабарлады, ДДСҰ коронавирус індетінің қауіптілігін "өте жоғары" деңгейге көтерді. 

АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл вирустың таралуы АҚШ-тың экономикалық өсуіне "өсіп келе жатқан тәуекелдерді туғызады" деді және қажет болған жағдайда ОБ пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге дайын екендігін білдірді. 

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

-       үнді рупиясы инвесторлардың тәуекел деңгейінің нашарлауы және қор мен борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 0,7%-ға (71,66-дан 72,18-ге дейін) әлсіреді. Ұзақ мерзімді кредиттеу мөлшерлемелерін төмендету мақсатында ОБ мақсатты ұзақмерзімді қайта қаржыландыру операциялары бойынша қосымша аукциондар өткізілетіні туралы хабарлады;

-       Бразилия реалы елде бірінші рет коронавирусты жұқтыру жағдайының ашылуы аясында 1,8%-ға (4,39-дан 4,47-ге дейін) әлсіреді, ОБ своп операцияларын ұсыну арқылы ұлттық валютаны қолдау шараларын қабылдады;

-       түрік лирасы түрік әскери қызметшілері зардап шеккен әуе соққысының салдарынан РФ мен Түркия арасындағы Сириядағы шиеленіс, сондай-ақ коронавирус жағдайына байланысты инвесторлардың тәуекел деңгейінің ауқымды төмендеуі аясында 2,5%-ға (6,1-ден 6,25-ке дейін) әлсіреді;

-       Мексика песосы жаһандық тәуекелді қабылдамау, ұлттық валюта бойынша ұзақ позицияларды қысқарту аясында 3,9%-ға (18,9-дан 19,64-ке дейін) әлсіреді. Pemex мемлекеттік мұнай компаниясы 2019 жылғы 4-тоқсанда таза шығынның 9 млрд теңге көлемінде болғанын хабарлады;

-       Индонезия рупиясы шетелдік инвесторлардың жергілікті активтерден шығуы аясында 4,1%-ға (13 760-тан 14 318-ге дейін) әлсіреді. Орталық банк 8 брокер арқылы рупия бағамын тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жасады;

-       Оңтүстік Африка ранды коронавирустың таралуына байланысты қорқыныштың әсері, сондай-ақ елдің тәуелсіз рейтингінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін мақсатты бюджет тапшылығының көрсеткішінің өсу тәуекелі аясында 4,3%-ға (15,01-ден 15,66-ға дейін) әлсіреді;

-       Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі (аптасына -13,6%), сондай-ақ коронавирустың белсенді таралуына қатысты алаңдаушылыққа байланысты дамушы елдердің нарықтарындағы теріс динамика аясында 4,5%-ға (63,95-тен 66,84-ке дейін) әлсіреді.

АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

вкавп.jpg


ккк.jpg

Өзгелердің жаңалығы