"Даму" қоры карантин кезінде шарттарын жеңілдеткен

14 Тамыз 2020, 16:12
1363
Бөлісу:
"Даму" қоры карантин кезінде шарттарын жеңілдеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры карантин кезінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша шараларын тоқтатқан жоқ. Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде субсидияға қол жеткізу шарттарын жеңілдетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин мәлім етті.

Шағын және орта бизнесті қолдауда "Даму" қорының рөлі зор. Өткен жылы қор арқылы 7,4 млрд теңгенің 1726 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде кепілдік сомасы 27 млрд теңгені құрайды. Ал карантин кезінде қор арқылы 521 жобаның несиесі кепілдендіріліп, төрт мыңнан астам жоба субсидияланды, - деп атап өтті холдинг төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, "Даму" қоры арқылы кепілдендірілген несиелендірудің де басым бөлігі қайта өңдеу саласына тиесілі екенін атап өтті. Өткен жылы осындай 2206 жоба несиелендірілген. Олардың салпы сомасы 103 млрд теңгені құрайды. Кепілдікке ие болған кәсіпкерлердің басым бөлігі Ақтөбе облысында. Мұнда өткен жылы 20 млрд теңгенің 582 жобасы кепілдендірілген. 

Бұған дейін Рустам Қарағойшин елде "Бизнестің жол картасы" бойынша 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылғанын айтқан болатын.



Өзгелердің жаңалығы