Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 29 маусымы күні, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен онлайн-форматта есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесудің тікелей көрсетілімі ҚазАқпарат Интернет-ресурсы "Медиа" айдарының басты бетінде, ОКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында, YouTube каналында және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жүреді.