"Дәмі шынымен күшті ме". Желіде таилық ананас қызу талқыға түсіп жатыр

Бүгiн, 17:30
534
Бөлісу:
"Дәмі шынымен күшті ме". Желіде таилық ананас қызу талқыға түсіп жатыр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде таилық ананас трендке айналды. Көпшілік оның дәмін татып, өз әсерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кішкентай таилық ананас. Мен оны күнде жеп жүрмін. Дәмі өте тәтті. Жалпы қаптамасында 5-6 ананас болады, - дейді желі қолданушысы.

Мұндай ананастардың орташасы Таиландта 20 бат(297 теңге) тұрады. Ал үлкендері 40 батқа (593 теңге)дейін жетеді. Одан да қымбаттары бар.

Тағы желі қолданушысының айтуынша, бұл жемістің бағасы Таиландта 5 есе арзан. Ал елімізде бір қаптағы кішкентай ананасты 5500 теңгеге дейін жетеді. Кейбір жерде 2500 теңгеден сатып жатыр.

@rasima.bagirova Новый тренд Тайский ананас 🍍 Тот самый 🤩 #тайскийананас ♬ оригинальный звук - Расима Багирова

Екі ананастан айырмашылығы, біздің ананастар қышқыл, ал мынау өте тәтті, - дейді TikTok қолданушысы.

Кішкентай тайлық ананас – Тайландта өсірілетін ерекше тропикалық жеміс. Ол әдеттегі ананастардан көлемі жағынан әлдеқайда кіші, бірақ дәмі өте тәтті әрі хош иісті болады. Мұндай ананастар көбіне "baby pineapple" немесе "Taiwan mini pineapple" деп аталады.

Жемістің ерекшеліктері қандай?

  • Көлемі: Шағын, салмағы шамамен 300-500 грамм.
  • Дәмі: Қышқылдығы төмен, балдай тәтті.
  • Қабығы: Жұмсақтау және оңай тазаланады.
  • Өсуі: Тайландтың жылы, ылғалды климатында өседі, көбіне Чианг Рай, Чианг Май және Пхукет сияқты аймақтарда кездеседі.
Өзгелердің жаңалығы