Елордада «Бердібек Сапарбаев тұлғасы: дағдарыс-менеджер феномені» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конференция аясында Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаевқа арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті. Онда қоғам қайраткерінің үзеңгілестері, ағайын-туыстары мен шәкірттерінің қағазға түсірілген ойлары жинақталып, естелік кітап болып жарық көрді. Кітапта Бердібек Сапарбаевтың портреті, тұлғасы жинақталған.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Конференцияға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, Парламентінің депутаттары, ғылыми-мәдени қауымдастықтың көрнекті өкілдері қатысып жатыр.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған. Қоғам қайраткері 2023 жылы 10 маусымда өмірден өтті.