Еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

<h4>Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 24&nbsp;қаңтар күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.</h4>

 23 Қаңтар 2019 2019, 20:41
23 Қаңтар 2019 2019, 20:41
3033

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 қаңтар күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.

Қостанай облысының басым бөлігінде және Қостанай қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Петропавл қаласында бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде және Астана қаласында тұман түсіп, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Наверх