Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде қар, оңтүстік батысында, оңтүстікте түнде аздаған жауын-шашын, көбінісе қар жауады, тек батысында, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі солтүстікте бұрқасын соғады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді бұрқасынмен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, түнде Манғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.