Дәулеткерей Рахметулин: Президент ешқандай саланы назардан тыс қалдырмады

1 Қыркүйек 2020, 14:19
1468
Бөлісу:
 Дәулеткерей Рахметулин: Президент ешқандай саланы назардан тыс қалдырмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дәулеткерей Рахметулин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты ойын білдірді.

Президенттің халыққа Жолдауы бұл – үлкен стратегиялық маңызы бар құжат. Ендігі мәселе – оны орындау. Президент әр сала бойынша не істеу керектігін айтып, көрсетіп берді. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға байланысты. Біріншіден осыны ұйымдастыру қажет. Ол үшін Үкіметтің қаулысы болуы шарт. Ол жариялы болуы қажет. Халықтың санасына жеткізу керек. Әр әкімдік, министрлік осы Жолдауды орындау үшін өзіндік жұмыс жоспарын әзірлеуі тиіс, – дейді «Жаңару» РҚБ директоры Дәулеткерей Рахметулин.

Оның айтуынша, Президент ешқандай саланы назардан тыс қалдырмады. Көтерілген мәселелердің бәрі бүгінгі күнің өзекті мәселесі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы маңызды салалардың бәрін қамтыды. Жалпы, Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауы да көңілге қонымды болған. Бүгінгі Жолдау да әр қазақстандық үшін маңызды. Енді осыны жүзеге асыруда жауапкершілік танытуымыз керек, – деді ол. Сонымен қатар, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды шешімдерді қабылдай білгенін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы