Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының белсенді мүшелері ерекше челендж бастаған болатын. Белгілі ақындар мен ел көлеміндегі шығармашыл тұлғалармен бірлесіп басталған ерекше бастама еліміздегі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналады.
Челенджді "Ауыл" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының белсендісі, елімізге танымал ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы бастады."Ақ қанатты періштедей ақ халатты абзал жандар" атты жыр челенджін белгілі сазгер, әнші Медет пен Клара Салықовтар отбасы "Жанізгілерім" әнімен жалғады.