Дәрігерлердің жалақысы 30% артады

18 Қараша 2019, 16:23
5674
Бөлісу:
Дәрігерлердің жалақысы 30% артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша күтілетін нәтижелерді атады. 

Келер жылдан бастап МӘМС жүйесін енгізу арқылы кейбір медициналық қызметтердің қолжетімділігі 7 есеге артады. Қаржыландыру көлемінде медициналық тарифтер 10%-дан 20%-ға дейін көтеріліп, бұл медицина қызметкерлерінің жалақысын қаңтардан бастам 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық құралмен жабдықтау деңгейі 73%-дан 90%-ға дейін артады. МӘМС енгізген соң азаматтардың қазіргі кездегі "қалта" шығындарын 2020 жылы 30%-ға, ал 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге төмендетуге мүмкіндік береді, - деп айтты денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында. 
Ол дайындық жұмыстары жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтып, аталған мәселелер бойынша министрліктердің және жергілікті әкімдіктердің техникалық дайындау және ақпараттық түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударуын сұрады.

МӘМС жүйесін толыққанды енгізу үшін 2020 жылдан бастап нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың деректерін жаңарту, төлемдер жиілігін қамтамасыз ету, техникалық дайындық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін 600 мың адамның сақтандыру мәртебесі белгісіз екенін хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы