Дәрігерлер Тоқаевқа алғыс айтты

14 Сәуір 2020, 13:45
2105
Бөлісу:
Дәрігерлер Тоқаевқа алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласындағы мобильді провизорлық стационардың аға мейірбикесі Елена Біләлова Төтенше жағдай кезіндегі президенттің дәрігерлерге тағайындаған үстемақысына қатысты пікірін білдіріп, алғысын жеткізді.

Қазір елімізде ауыр жағдай екенін бәріміз жақсы білеміз. Қандай ауру, індет шықса да ең алдымен олармен күресетін медициналық қызметкерлер, яғни, дәрігерлер. Біздің отандастарымызды, қандастарымызды осындай жаман аурудан сақтау үшін біз дәрігерлер қолдан келгенді аямайтыныз хақ, - деді Елена Қошқарқызы. 
 
Ал осындай үстемақының берілуі біз үшін үлкен мәртебе. Яғни, президенттің  медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалап, бізге беріп жатқан бағасы дейді дәрігер. Медицина саласында қызмет атқарып жүрген Елена Біләлова да алғысын жеткізді.  
Өз басым медицина саласында 25 жыл қызмет атқарып келемін. Осындай үлкен қолдауды бірінші рет алып отырмын. Және ол үшін қуаныштымын. Төтенше жағдай кезінде барлық қызметкерлердің арасында ерекшелеп бізге үстемақы бергендері қуантарлық іс деп ойлаймын, - деді аға мейірбике. 

Сонымен қатар дәрігерлер Қазақстандықтарды барлық сақтық шараларын бұлжытпай орындауға шақырды. Соның ішінде жеке бас гигиенасын қатаң сақтауларын сұрады.Тұрғындар үйде отырса, біздің де жұмысымыз жеңіл болады деп ескертті мейірбике. 



Өзгелердің жаңалығы