Коронавирус: Атыраудағы науқастардың жағдайы қалыпты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда науқастар &nbsp;өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.</h4>

 30 Наурыз 2020 2020, 11:13
30 Наурыз 2020 2020, 11:13
1386

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда науқастар  өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Атыраудағы коронавирус инфекциясы бар он екі науқастың жағдайы қалыпты. Науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде  құрғақ жөтел бар.  Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен  қамтамасыз етілген, - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні  Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын.  Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. 



Наверх