Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға шықты

31 Мамыр 2020, 15:24
1794
Бөлісу:
Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айта кету керек, бұл жеке ғарыш компаниясы тарихындағы алғашқы ұшу болып саналады.

SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан сәтті өтіп, орбитаға шықты. Бортта Дуглас Херли және Роберт Бенкен атты екі астронавт бар. Жұма күні ғарышқа ұшу әрекеті ауа райы салдарынан іске аспаған еді, деп жазады ru.euronews.com.

Бұл америкалық кеменің соңғы 9 жылдағы алғашқы ұшуы: "Атлантис" шаттлы соңғы рет 2011 жылдың шілде айында қонған болатын. Айта кету керек, бұл жеке ғарыш компаниясы тарихындағы алғашқы ұшу болып саналады.

Қазір халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) экипаждарды жеткізуді тек ресейлік "Союз" ғана жүзеге асырады. НАСА-ның айтуынша, бір америкалық кеме бортқа 7 адамға дейін ала алатынын ескерсек, "Dragon"-ды іске қосу бір жарым есеге арзанға түседі.

"Dragon" ХҒС-мен жексенбі күні кешке түйісуі тиіс.
Өзгелердің жаңалығы