Цой вакцинацияның жалған паспортының жасалуына қатысты пікір білдірді

5 Мамыр 2021, 17:08
2358
Бөлісу:
Цой вакцинацияның жалған паспортының жасалуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.

Мұндай жағдай бірінші рет тіркелді. Оны естіген кезде Алматы әкімдігіне хабарластым. Таңертең бақылауға алып, ішкі істермен бірлесіп жұмыс істедік. Олар ұсталды. Мұндай жағдайлар бойынша әлеуметтік желілер бақылауда тұр. Егер сізде ондай ақпарат болса, хабарласуыңызға болады. Біз барлық медицина қызметкеріне ескерттік. Олар қылмыстық жазаға тартылатынын айттық, - деді Цой.

Министр медицина қызметкерлерінің мәртебесіне қарамастан олар жауапқа тартылатынын айтты.

Бұл орайда ерекше бақылау жүргізіліп жатыр. Біз мәліметтердің сәйкестігін тексереміз. Вакцинаның жеткізілу дозасы тексеріледі. Әлеуметтік желілер мен БАҚ та бақылауда тұр. Оның барлығын ішкі істер органдары да тексеріп отырады, - деді министр.

Сонымен қатар Цой вакцинациялаудың қарқынының артуына қатысты да пікір білдірді.

Бірінші компонент кезінде адамдар оның қауіпсіздігі туралы толық білмей, күмәнмен қарады. Уақыт өте келе олар өзге елдің тәжірибесі бойынша вакцина алып жатқанын көрді. Елімізде де вакцинациялау пункттері сауда орталықтарында ашылды. Вакциналарды таңдау еркі берілді. Сол себепті азаматтар кезеңдеп вакцина алуды жаппай жүзеге асырды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы