Цой вакцинациялау көрсеткіші төмен облыстарды атады

15 Маусым 2021, 09:42
4498
Бөлісу:
Цой вакцинациялау көрсеткіші төмен облыстарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау процесі қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгінгі күні шамамен 4 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде бірінші компоненті бойынша 2 547 363 адам вакцина алды, бұл тиісті халықтың 25,7%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 435 334 адам қамтылған, - деп атап өтті министр.

Алексей Цой атап өткендей, бүгінгі күні вакцинациялау пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті саны бар. Атап айтқанда, бірінші компоненттің шамамен 1,2 млн дозасы және екінші компоненттің 914 мың дозасы қамтамасыз етілген.

Бірінші компонентпен вакцинациялаумен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 13,2%, Қостанай облысында – 19,5%, сонымен қатар екінші компонентпен Маңғыстау облысында – 7,3% тұрғын қамтылған. Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алып, қосымша ынталандыру және халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтулері қажет, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі Үкіметте.

Еске сала кетейік, елімізде халықты КВИ-ге қарсы жаппай вакцинациялау биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап жүргізіліп жатыр. Халық ерікті түрде QazVac, «Sputnik V», Hayat-Vax вакциналарының бірін таңдай алады.

Өзгелердің жаңалығы