Цой қай ауданда бала туу көрсеткіші жоғары екенін атады

1 Маусым 2021, 11:10
9208
Бөлісу:
Цой қай ауданда бала туу көрсеткіші жоғары екенін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Сарыағаш ауданында облыс бойынша бала туудың ең жоғары көрсеткіші тіркелетінін айтты.

Облыста салынатын маңызды нысан - ол Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан салынатын 240 төсектік перинаталдық орталық. Жыл сайын Сарыағаш ауданында облыс бойынша бала туудың ең жоғары көрсеткіші тіркеледі. 2020 жылы көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 31,9-ды құрады, - дейді ол.

Министрдің айтуынша, бұл Сарыағаш ауданында ашылатын перинаталдық орталық Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарындағы жүкті әйелдерге білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл аудандардың халық саны 723 926 адамды құрайды, бұл облыс халқының жалпы санының 35%-ын құрайды. Сондай-ақ бұл аудандарда 21 508 туылу тіркелген, бұл облыс бойынша босанудың жалпы санының 36%-ын құрайды.

Сондай-ақ Арыс және Сарыағаш қалаларында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын 2 типтік емхана салу жоспарланып отыр.

Салынатын нысандардың құрылысы 280 млрд теңге инвестициялар тартады. Сондай-ақ ана мен бала өлімін азайтуға, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, 2 779 жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді кезеңге жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, - деп тоқталды Цой.
Өзгелердің жаңалығы