Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бүгінгі күні вакцинаның 14,4 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде 1-компонентін 7 766 146 адам алды. Бұл егілуге тиісті халықтың 77,9%-ын құрайды. Екінші компонентпен 6 756 266 адам (67,8%) қамтылды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтудың көшбасшылары: Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары, - деді ол.Цой атағандай, тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты министрлік халықтың сырқаттанушылығына, вакцинациялануына мониторинг жүргізіп жатыр.
Республикада 1 қыркүйекте 850 ЖРВИ жағдайы тіркелді, тұмау анықталған жоқ. Бүгінгі күні тұмауға қарсы 694 710 адам егілді, оның ішінде 684 051 – тегін негізде, 9 370 жұмыс берушілер есебінен және 1 289 – ақылы негізде. Халықты егумен қамтудың барынша көп пайызы Түркістан (9,8%), Павлодар (4,3%), Қарағанды (3,9%) облыстарында, Шымкент қаласында (3,4%) байқалады. Вакцинация жалғасуда, вакцинаның көлемі жеткілікті, - деді ол.Бұған дейін Цой оқушылар мен студенттер арасындағы ахуалды айтты.
Оқи отырыңыз: