Індеттің екінші толқыны болары сөзсіз – эпидемиолог

26 Тамыз 2020, 16:20
4795
Бөлісу:
Індеттің екінші толқыны болары сөзсіз – эпидемиолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиология ғылымдарының магистрі (MS) Бауыржан Жүсіпов бүгін «Ғылым қоры» АҚ Facebook-тегі парақшасында «Коронавирус індетінің екінші толқыны» тақырыбына арналған «Ғалымдар алаңы» дискуссиялық онлайн-алаңында айтты.

Егер эпидемия жайлы айтар болсам, мен елімізде індеттің шарықтау шегі өтіп кетті деген пікірмен келісемін. Бізге белгілі ақпаратқа сүйене отырып, осылай айта аламыз. Екінші мәселе, бұл тұжырымның болашақтағы жағдайға әсері. Иммунитеттің қалыптасқанын білеміз, бір ауырған адамның қайта ауыру мүмкіндігі әр адамның жеке азғасына, иммунитетінің мықтылығына байланысты екенін де білеміз. Індеттің екінші толқыны болары сөзсіз. Бірақ, ол маусым-шілде айларындағыдай бірден келмейді. Індеттің негізгі көрінісі желтоқсанға қарай білінуі мүмкін. Қыркүйек, қазан айлары тыныш өтеді. Қарашада эпидемияның өршуі біртіндеп біліне бастайды, - деді ол.

Бауыржан Жүсіпов мектептердегі «кезекші сыныптарға» қатысты қабылданған шешімді дұрыс деп санайды.

Егер бұл шешім қазір қабылданған болса, Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық сынып оқушысын алғашқы тоқсанда оффлайн форматқа жіберуі мүмкін еді. Эпидемияның маусымдық сипаты бар. Екінші жағынан ол қоғамның иммунитеті төмен болған кезде жылдам тарайды. Әлемнің бірқатар елі бұл індетті бастан өткеретіні анық. Вакцинаның 2021 жылдың ортасына қарай ғана қолжетімді болатынын да түсіну керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы