Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай коронавирустың екі ошағымен күресіп жатыр. Бұл туралы Xinhua ақпарат агенттігі хабарлады.
ҚХР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі, 27 шілдеде Қытайдың құрлықтық бөлігінде 68 жаңа жағдай тіркелген. Оның төртеуі шетелден келгендерден, 64-і жергілікті адамдардан анықталған.
Жаңа жағдайлардың 57-сі – Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында, 6 жағдай – елдің солтүстік батысындағы Ляонин провинциясында, тағы бір жағдай Бейжіңде тіркелген.
Вирустың тарауын тоқтату үшін Синцзян мен Ляонин миллиондаған тұрғынды коронавирусты анықтайтын тесттен өткізе бастаған, алайда коронавирус бес өңірге тарап үлгерген.